ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

Осы Құпиялылық саясаты «Inservice (Инсервис)» ЖШС ("Біз") алған Alternativa Film Project («Бағдарлама») бағдарламаларын қоса алғанда, жобаға қатысушылардың («Сіз») дербес ақпаратын өңдеу және қорғау тәртібін айқындайды.

1. БІЗ АЛАТЫН АҚПАРАТ 

Бағдарламаға қатысушылардың өтінімдерін қарастыру үшін біз келесі ақпаратты сұратамыз:

  • Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты;
  • Қатысушының байланыс ақпараты: электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, қатысушының төлқұжат деректері; 
  • Қатысушының тұрғылықты жері;
  • Қатысушының әлеуметтік желілері туралы ақпарат;
  • Қатысушының мотивациялық хаты; 
  • Алдыңғы жобалар, жұмыс тәжірибесі, жетістіктері туралы ақпарат, сондай-ақ түйіндемеде көрсетілген өзге де ақпарат;
  • Фото/бейне кескін; 
  • Қатысушы туралы басқа ақпарат, оны қатысушы қосымша хабарлайды.

2. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ МАҚСАТТАРЫ

Бағдарлама ақпаратты келесі мақсатта пайдалана алады:

  • Бағдарламаның қызметін ұйымдастыру;
  • Өтінімдерді қарастыру;
  • Қатысушылармен байланыс;
  • Қатысушыларды KYC тексеру;
  • Сапарларды ұйымдастыру; 
  • Бағдарлама сайттарының қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
  • Бағдарламаны ілгерілету.

3. БІЗ СІЗДІҢ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ӨҢДЕЙМІЗ 

Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу келесіні қамтуы мүмкін: дербес деректерді жинау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жою. 

4. СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ 

Сіздің дербес ақпаратыңызға қатысты құқықтарыңыз:

  • бізге devlab@alternativa.film мекенжайы бойынша хат жазу арқылы ұсынылған дербес ақпаратты өзгерту, жаңарту, толықтыру;
  • осындай хаттарда "жазылымнан бас тарту" сілтемесін қолдану арқылы электрондық хаттардан бас тарту;
  • шолғышыңызда cookie файлдарын жою және cookie баптауларын өзгерту;
  • өз сұраныстарыңызды, соның ішінде дербес деректерді пайдалануға қатысты сұраныстарыңызды info@alternativa.film электрондық мекенжайына жіберу 

5. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ БЕРУ

Өңдеу барысында біз қатысушылардың дербес ақпаратын мыналарға бере аламыз: 

  • Шақырылған сарапшыларға: біз сіздің жеке ақпаратыңызды бағдарламаны ұйымдастыру мақсатында шақырылған қазылар алқасының мүшелері мен тьюторларға бере аламыз. 
  • Сайтқа кірушілер: біз сіздің дербес ақпаратыңызды қатысушылардың қысқа тізімін қалыптастыру кезінде және бағдарлама нәтижелерін жариялау үшін сайтымыздың басқа келушілерімен бөлісе аламыз. 
  • Корпоративтік топтың ішінде: біз сіздің дербес ақпаратыңызды еншілес компанияларға немесе inDrive-пен үлестес басқа ұйымдарға бере аламыз.
  • Бөгде провайдерлерге: біз билеттер мен қонақүйлерді брондау үшін travel-агенттіктері сияқты бөгде провайдерлермен ынтымақтаса аламыз.

сондай-ақ заңмен көзделген жағдайларда.

6. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ТАРАТУ

Біз Бағдарламаның нәтижелерін https://alternativa.film/ сайтында, әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылымыз.

7. COOKIE ФАЙЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҰҚСАС ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Бағдарламаның сайтында біз «cookie» файлдарын және басқа да ұқсас технологияларды пайдаланамыз. Осы құралдардың көмегімен жиналған ақпарат нақты адамды анықтауға мүмкіндік бермейді.

8. ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ МЕРЗІМДЕРІ

Дербес деректер өңдеу мақсаттарына жеткенге дейін сақталады. Біз заңнамада белгіленген жағдайларда пайдаланушы деректерін сақтауды ұзарта аламыз.