Құпиялық саясаты

Соңғы жаңартылған күні: 2026 жылғы 2 маусым

Осы Құпиялық саясаты біздің құпиялықты қорғау тәжірибемізді, қандай дербес деректерді жинайтынымызды, оларды қалай пайдаланатынымызды және бөлісетінімізді, сондай-ақ мұндай ақпаратқа қатысты сіздің құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңізді сипаттайды.

Осы Құпиялық саясаты «Women Behind the Wheel» бағдарламасының («Бағдарлама») өтініш берушілері мен қатысушыларының («сіз», «сіздің») дербес деректеріне қолданылады. Бағдарламаны ТОО “Inservice (Инсервис)” компаниясы («біз», «біздің») жүзеге асырады, тіркелген мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Бостандық ауданы, Гагарин даңғылы, 124, тұрғын емес учаске 899, индекс 050000.

Біз қандай ақпарат жинаймыз

  • Өтінімдегі ақпарат және байланыс деректері;
  • Паспорт деректері және болашақ жүргізуші куәлігіне қатысты деректер;
  • Қажет болған жағдайда жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті ақпарат (теориялық емтиханды тапсырғанын растайтын құжаттар, мекенжайды растау деректері);
  • Көлік жүргізу сабақтарына қатысуға қолжетімділігіңіз туралы ақпарат;
  • Оқу барысы туралы деректер (сабаққа қатысу есебі, оқу үлгерімі және емтихан нәтижелері);
  • Қалаулар (мысалы, көлік түрі — механикалық немесе автоматты беріліс қорабы, не болмаса нұсқаушының жынысы);
  • Фото және бейнематериалдар;
  • Хат алмасу барысындағы ақпарат: чат хабарламалары, электрондық хаттар және телефон қоңыраулары сияқты бізге жіберген ақпарат;
  • Сіз ұсынатын кез келген қосымша ақпарат.

Ақпаратыңызды қалай пайдаланамыз

Біз сіздің дербес деректеріңізді келесі мақсаттарда өңдейміз:

  • Өтініміңізді қабылдау және қарау үшін;
  • Бағдарлама іс-шараларын ұйымдастыру үшін;
  • Өтініміңізге және болашақ мүмкіндіктерге қатысты сізбен байланысу үшін;
  • Бағдарламаларымызды, веб-сайтымызды және пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін;
  • Жаңартуларды, ақпараттық хабарламаларды және маркетингтік материалдарды жіберу үшін;
  • Бағдарламаны насихаттау мақсатында, соның ішінде фото және бейнематериалдарды ашық веб-сайттарда жариялау үшін;
  • Құқықтарымызды қорғау және заң талаптарын сақтау үшін.

Ақпаратыңызды кімге және қалай береміз

Автомектептер мен көлік органдарына. Біз сіздің ақпаратыңызды автомектептерге тіркеуді ұйымдастыру, жүргізу сабақтарын үйлестіру, емтихандарды брондау және сертификаттау рәсімдерін өткізу үшін бере аламыз. Сондай-ақ емтиханға жазылу және жүргізуші куәлігін алу үшін құжаттарды тапсыру сияқты әкімшілік міндеттерді орындау мақсатында көлік органдарына беруіміз мүмкін.

Қызмет көрсетушілер мен серіктестерге. Біз сіздің ақпаратыңызды біздің атымыздан белгілі бір қызметтерді орындау немесе Бағдарлама қызметін қолдау мақсатында қызмет көрсетушілерге (мысалы, бухгалтерлерге, кеңесшілерге, бағдарламалық қамтамасыз ету жеткізушілеріне, туристік агенттіктерге) бере аламыз. Сондай-ақ ақпаратты Бағдарламаны іске асыруға қатысатын серіктестерге ұсынуымыз мүмкін. Олар белгілі бір іс-шараларды ұйымдастыруға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе операциялық қолдау көрсетуге көмектесуі мүмкін.

Деректерді трансшекаралық беру. Біз сіздің ақпаратыңызды тұрғылықты еліңізден тыс жерлерге беруіміз мүмкін. Мұндай беру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады және ақпаратыңыздың тиісті қорғалуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданады.

Маркетингтік мақсаттарда. Біз маркетингтік іс-шараларды жүзеге асыруға көмектесетін үшінші тарап маркетингтік платформаларымен және коммуникациялық қызмет жеткізушілерімен ынтымақтаса аламыз. Сондай-ақ Бағдарламаның нәтижелері немесе алдағы іс-шаралар туралы ақпаратты жариялау мақсатында дербес деректерді келесі арналар арқылы жариялауымыз мүмкін:

  • біздің веб-сайтта, әлеуметтік желілерде және цифрлық медиада, соның ішінде подкасттарда;
  • презентацияларда, көрме материалдарында, брошюралар мен ақпараттық буклеттерде;
  • жаңалықтар құралдарында және олардың веб-сайттарында, сондай-ақ баспа басылымдарында, теледидарда және радиода.

Заңды негіздер бойынша. Біз заң талаптарын орындау немесе өз құқықтарымызды қорғау қажет болған жағдайда дербес ақпаратыңызды жариялауымыз мүмкін.

Компаниялар тобы ішінде. Біз жаһандық қызметіміз шеңберінде ақпаратыңызды бас компаниямызға, еншілес ұйымдарға немесе корпоративтік топтағы үлестес тұлғаларға бере аламыз.

Cookie файлдары

Біздің веб-сайт пайдаланушы тәжірибесін жақсарту және жекелендірілген қызметтер көрсету үшін cookie файлдарын қолданады. Cookie файлдары – пайдаланушының сайтпен өзара әрекетін бақылауға, қалауларын сақтауға және қызметтерімізді жетілдіруге көмектесетін құрылғыда сақталатын шағын деректер файлдары.

Сіз cookie параметрлерін браузер баптаулары арқылы немесе веб-сайттағы cookie басқару құралы арқылы өзгерте аласыз.

Сіздің құқықтарыңыз бен мүмкіндіктеріңіз

Деректерге қол жеткізу, өзгерту немесе жою. Осы Құпиялық саясатының соңында көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы бізге хабарласып, өз деректеріңізге қол жеткізе аласыз, оларды өзгерте немесе жоя аласыз.

Өңдеуді шектеу. Дербес деректерді жинау және (немесе) өңдеу талаптары бұзылған жағдайда, олардың өңделуін шектеуді талап етуге құқылысыз.

Келісімді кері қайтарып алу. Сіз дербес деректерді жинауға немесе өңдеуге берген келісіміңізді, сондай-ақ оларды жалпыға қолжетімді дереккөздерде таратуға берген келісіміңізді кез келген уақытта кері қайтарып ала аласыз.

Электрондық хабарламалардан бас тарту. Сіз электрондық хаттардағы «Жазылымнан бас тарту» сілтемесін немесе басқа көрсетілген тәсілді пайдаланып, хабарламаларды алудан бас тарта аласыз.

Өтініштер мен шағымдар. Осы Құпиялық саясатына немесе ақпаратыңызды өңдеу тәртібіне қатысты кез келген сұрақтарға жауап беруге дайынбыз. Сұрауыңызды жеке басыңызды растағаннан кейін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қараймыз. Егер ақпаратыңызды пайдалануымызға қатысты шағымдарыңыз болса, тиісті жергілікті қадағалау органына жүгінуге құқығыңыз бар.

Ақпаратыңызды қалай сақтаймыз

Біз ақпаратыңызды осы Құпиялық саясатында көрсетілген мақсаттарға жету үшін қажетті мерзім ішінде сақтаймыз. Атап айтқанда, Бағдарлама аяқталғаннан кейін де заңнамалық және реттеушілік міндеттемелерімізді орындау үшін кейбір деректерді сақтауға қажеттілік туындауы мүмкін.

Өзгерістер

Біз осы Құпиялық саясатын мезгіл-мезгіл жаңартып отыруымыз мүмкін. Сондықтан оны ара-тұра қарап тұруды ұсынамыз. Өзгерістер енгізілген жағдайда, беттің жоғарғы жағындағы «Соңғы жаңартылған күні» жаңартылады.

Байланыс

Осы Құпиялық саясатына қатысты сұрақтар, пікірлер және өтініштер келесі қолдау қызметі арқылы жолдануы тиіс:

https://indrive.com/ru-kz/contacts/support